Судья мінбері | Судебная система

Парасаттылық – азаматтық қоғамның құрылу кілті

Парасаттылық – азаматтық қоғамның құрылу кілті

 

«Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты 2018-2020 жылдар аралығында елімізде жемқорлық деңгейін төмендете отырып, жалпыға бірдей сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды. Қазіргі таңда Агенттікте жаңа үш: превенция, парасаттылық, серіктестік департаменттері өз қызметтерін жүзеге асыруда.

Парасаттылық департаменті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру идеологиясын алға тарта отырып, мемлекеттік билік пен қоғам арасында тығыз өзара байланысты орнату бағытында жұмыс жасайтын органдардың бірі болып табылады.

Орталық аппарат арқылы бұл Департаменттің қатысуымен «Адалдық алаңы» жобасы өңірлермен бірге жүргізіледі. Яғни,біз атап отырған «Адалдық алаңы» жобасы орталық аппараттан басқарылып, өз саясатын аумақтық департаменттер арқылы одан әрі жалғастыруда.

Жобалық менеджмент әртүрлі өңірлік деңгейдегі жобалық кеңселермен қатаріске асырылып, нақты нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс жасауға бет бұруда. Сонымен қатар, жобалық басқару қоғамда келеңсіздік тударатын әлеуметтік-экономикалық және қаржылық мәселелерді бейресми жолмен түсіндіру арқылы шешуге бағытталған.

Парасаттылық департаменті жүзеге асырылып жатқан «Адалдық алаңы» жобасы бойынша атқарылған игі істер ел арасында қолдау тауып, одан әрі іс-шаралардың белсенді атқарылуына кең жол ашуда. Жобаның басты мақсаты халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дәріптеу және құқықтық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен, азаматтық қоғамды құрудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.

 

 

Осының негізінде, қазіргі таңда, Парасаттылық департаментінің жетекшілігімен, «Protecting business and investments», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Адал білім», «Сапалы жол», «Адал жол», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобалары іске асырылуда.

Жобалық кеңселер мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам мүдделері тоғысатын бірегей алаңға айналды. Бүгінгі күнде жобалық кеңселер әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін, азаматтық қоғамның «ену нүктесі» болып отыр.

Мәселен, 956 мемлекеттік органның ашық кеңестік форматына көшуі ашықтық бағытындағы айқын өзгеріс болып табылады. Мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлануның артқаны және парасаттылық таныту туралы көрінісіне 100-ден астам «Сервистік әкімдіктер» мен 3894 басшының бірінші қабаттарға көшуі куәландырады.

Қоғамдағы парасаттылық мінез-құлық моделін бекіту үшін жүйелі тәсілдердің қолданылуын 4870 адалдық дүкендері мен ірі супермаркеттердің өзіне-өзі қызмет көрсету кассаларының ашылуымен дәлелдеуге болады.

Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттырудың кезекті шарасы «Халық заңгері» науқаны, еліміздің 176 елді мекенінде бір мезгілде өткізілді. Яғни 18 мыңнан астам азамат 2500 білікті заңгерлердн мен түрлі саладағы сарапшылардан тегін заң кеңесін алды.

«Адалдық алаңы» жобасының аясында әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым бюджетін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (pubicbudget.kz) енгізілді. Карта нақты уақыт режимінде қала құрылыстарын салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы толық ақпаратты көрсетеді және бюджет қаражатының бөлінуіне жасалатын қоғамдық бақылаудың белсенді нысаны. Қазіргі уақытта карта бүкіл республика бойынша қолданылуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында «Адал жол» жобасы шеңберінде жыл сайын 25 млн. Адам сатып алатын темір жол билеттерінің қолдан жасалған тапшылығының проблемалары шешіліп, оларды сату кезінде алаяқтық әрекеттер айтарлықтай азайды. Жоба жұмысының нәтижесінде ҚТЖ-да қазіргі заманғы стандарттар қолданылуда, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың барлық процестерін толық автоматтандыру жүргізілуде. Осыған сәйкес Digital ID биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілуде.

 

Автомобиль жолдарының сапасына сараптама жасау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК жанындағы «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасайды.

2019 жылы республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық уческелеріне 180-нен астам бірлескен сапар ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 400-ден астам бұзушылық анықталды және тиісті ұсыныстар енгізіліп, 327-сі (80%) жойылды.

Бизнестің және инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі құрылды. Бүгінгі таңда кеңсе отандық және шетелдік инвесторлардың жалпы сомасы 12,1 триллион теңгеден астам 421 жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді жүргізуде. Кәсіпкерлер мен инвесторлардан түскен өтініштің 90%-ы (684-тің 525-і) оң шешімін таба алды.

Өз кезегінде, бизнесте жұмыс орындары ашылып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізді. Сонымен қатар бизнестегі жұмыста анықталған барлық жүйелік проблемелар «Атамекен» ҰКП-мен тығыз қарым-қатынас негізінде шешілуде.

«Саналық ұрпақ» жобалық кеңсесімен мектептерде және ЖОО-ларда сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 11 көшбасшы ұйымын біріктірген Академиялық адалдық Лигасы құрылды. Ортақ мақсат – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың білім беру жүйесіне деген сенімін арттыру, білім беру саласындағы проблемаларды бірлесіп шешуде азаматтық және мемлекеттік секторлардың пікірталас алаңын құру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар ретінде тартылды.

Мәселен, тестілеуге 25 жалғана адам жіберілмеді. Тестілеу барысында көшіріп жазған 1021 адам ұсталды, олардың нәтижелері жойылды. Нәтижесінде Білім және Ғылым министрлігі мемлекеттік бюджет кірісіне  2804 грантты (2 млрд.77 млн. теңге сомасында) қайтаруды, оған академиялық адалдық деңгейі мен дайындығы төмен абитуриенттер алынған болар еді.

Сондай-ақ оқу орындарының жатақаналарында бөлмелер беру процесі қадағаланды. Өткен жылы бөгде адамдардың заңсыз тұрған 84 оқиғасы анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Барлық оқу орында парасаттылық және академиялық адалдық саясатын күшейту тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «Адалдық сағаты» жалпыұлттық акциясын тоқсан сайын өткізіледі, соның шеңберінде ағымдағы оқу жылында 3 миллионнан астам оқушы қамтылды.

Жалпы, «Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл Transparency Kazakhstan жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен расталды.

Бұдан бөлек Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» рейтінгісіне сәйкес, 2019 жылғы Қазақстанның көрсеткіштері екі есе артып, 36%-ды құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылы 19 %-ды құраған болатын.

Қорытындылай келе, «Адалдық алаңы» арқылы жүзеге асырылып жатқан әрбір іс-әрекеттердің барлығы дерлік қоғамды парасаттылыққа дәріптеумен қатар, өскелең ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлықсыз әлемде өмір сүруге жағдай жасауға бағытталған. Осыған сәйкес, Парасаттылық департаменті қоғамның белсенді мүшелерімен және жобалық кеңселердің арнайы мониторинг топ өкілдерімен қосыла отырып, халық арасында тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

Қорытындылай келе, қоғамды парасаттылыққа бағыттайтын «Адалдық алаңы» жобасы жаңа идеяларымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағынан маңызды мәселелерін шешу жолында. Осыған орай, азаматтық қоғамды құруымыз үшін ұрпағымыздың санасына әділдікті, сенімділік пен парасаттылық сынды адам бойындағы асыл қасиеттерді ұялатуымыздың қажеттігін ұмытпауымыз керек.

 

Гүлмарал Смат

Комментарий