Қоғам | Общество

Алматы базарында тапа-тал түсте атыс болды

Алматыдағы “Сарыарқа” базарында атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қала тұрғындары күндіз атыс болғандағы туралы әлеуметтік желіде жариялады.

“27 мамырда тапа-тал түсте “Сарыарқа” базарында атыс болды. Ол көлік тұрағы үшін болған жанжалдан туындаған секілді”, – делінген хабарламада.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында болған.

“102 нөміріне хабарлама түскен соң жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Базар күзетшісі, тұрақ төлемін қабылдайтын қызметкер мен сауда орындарын жалға алған саудагерлер тұрақ ақысына қатысты сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға ұласып, оқ атылған”, – деді ПД баспасөз қызметі.

Полиция күдіктілерді бірден ұстаған.

“Бұл деректі Әуезов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеді. Газбен ататын тапанша тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соған сәйкес жарақат алған адамдардың денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі анықталатын болады”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Комментарий