Шоу бизнес

Марат Омаров некесіз немересіне әлі күнге дейін тегін бермей жүр (ВИДЕО)

Атақты сазгер Марат Омаров некесіз немересін мойындағанымен әлі күнге дейін өз тегін бермеген көрінеді.
Атақты сазгер Марат Омаров некесіз немересін мойындағанымен әлі күнге дейін өз тегін бермеген көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kzақпарат парталы  хабарлайды Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Күні кеше инстаграм әлеуметтік желісінде Зарина Омарова інісі Азамат Омаров пен қызы Көзайымның суретін жүктеп жазба қалдырған болатын.

“Карантиннің әсерінен біраз жұмыстарды кері шегеріп қойып едік . Енді міне бүгін бұйырыпты, атасымен папасы Көзайымға барып қайтты. Балапанмен жүздесіп, қуанып қалды”.

Дегенмен де Омаровтар әулеті кішкентай Көзайымға “Омарова” тегін бермеген көрінеді.

“Көзайымға әлі тегін жаздыртқан жоқпыз. Себебі карантин басталып кетті, оның үстіне үлкен әжеміз қайтыс болып, қайғылы жағдайлар орын алып кетті. Сол себепті шамалы кейінірекке қалдырдық. Бәрі жақсы болсын, бұйыртса жаздыртамыз”, – деді Көзайымның анасы Камшат Таубай.

Естеріңізге салсақ, Азамат Омаров Түркістандық Кәмшат Таубай есімді қызбен көңіл қосып, Көзайым есімді қыздары өмірге келген болатын.

Комментарий