Қызылордалық журналист Egov.kz сайтындағы бір былықты әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің сөзінше, ол жылдан бері тұрып келе жатқан үйінде басқа адамдардың тіркеуде (прописка) тұрғанын біліп, аң-таң болып отыр. Бұл жайлы Гүлбану Мақажан facebook парақшасында жазды.
“Үйіңізде кімдер тіркелгенін білесіз бе? Egov.kz сайты арқылы өзімнің жеке парақшама кірдім. Сонда көргенім . Мүмкін біз олардың үйінде тіркеуде тұрған шығармыз.(Танысаңыздар айтыңыздар хабарлассын).
Екінші байқағаным жұмыс орным көрініп тұр. Суретті жылжытыңыз 👉Лауазымы деген жерге “Бақуаттылар туралы хабарлар журналисі” дейді. Өлтіріп жазыпты иә, әбден күлдім. Қайдасыздар, бақуаттылар сіздер туралы хабарлама жазайын?
P/S: Жалпы электронды үкімет порталына жиі кіріп өз мәліметтеріңізді тексеріп, қажет болса түзетіп отырыңыздар! Қанша дегенмен техника ғой”, – деп сөзін түйіндеді Egov.kz сайтының “тосынсыйын” көріп, күлкіге жарық болған журналист.
Айтпақшы, оның бұл жазбасын көзі шалып қалған желі белсенділері болса, “Ондай-ондай ханның қызында да болады. Менде бір рет анықтамаға сұраныс жібергенмін. Басқа біреудің анықтамасы келді”, “Неге олай жаза салады?”, – десті.
Ал осы орайда, Egov.kz сайтының басшылығы мен жауапты мамандары не деп жауап берер екен! Қайткен күнде де, естіген құлақтың есебін бергені жақсы емес пе!?
Комментарий