Саясат | Политика

«Балық басынан шіриді»: Қайрат Құдайберген министрдің жұмысына ескерту жасады

Танымал кәсіпкер, халық жанашыры Қайрат Құдайберген министр Тұрғымбаевқа ІІМ-не жаңа реформа енгізу керегін ескертті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер блокбекеттегі қайтыс болған полицейлердің өлімінен кейін ІІМ жұмысына сыни көзқарасын білдірді. Ол, сонымен қатар, Тұрғымбаевқа есірткімен күресті ұмыт қалдырған бөлімшені жіті қадағалауды тапсырып отыр.

“Балық бастан шіриді. Кеше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі сұмдық оқиғаға (екі полицей қайтыс болды) қатысты Ішкі істер департаменті бастығына және оның бірінші орынбасарына қатаң сөгіс түріндегі гильзалар салынды және тағы 3 қызметкерді жұмыстан босатты.

Бір түсінбейтінім, неге министрлік бұл жағдайды ертерек бақылауға алмады? Сіздерде әрдайым мониторинг жүргізіліп тұратын шығар, елді-мекендерді аралап, тексеріс жүргізілетіні тағы бар. Ал нәтижелер қайда?

Қызметтегілер жан тапсырғаннан кейін ғана қолға алатыны мені қынжылтады. Алдын-алу шаралары неге жүргізілмейді?

Іс насырға шаппай тұрып Ішкі істер министрлігі барлығын өз бақылауына алуы керек қой, бізге, шыны керек, ІІМ жүйесіне нақты реформа қажет.

ІІМ Тұрғымбаев қашан синтетикалық есірткілермен күресуді қолға алады? Бетперде алудан оңай болып кетті ғой.

Жастардың көбі “мефені” (мефедрон) тұрақты қолданып жүр. “Крис” (кристалы), “molly”, “кетамин” деген сияқтыларды айтпағанда.

Есірткімен күресіп жатқан бөлімдер қайда қарап отыр?

Халық арасында есірткі сатушыларды қорғап жүретін шенділердің бар екені туралы қауесет тарап жүр. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ олардың бары рас.

Көп ата-ана бұл мәселенің анық-қанығына жете алмай сандалып жүр. Сондықтан барлығыңызды есірткіге қарсы тест тапсыруға шақырамын. Бұл тесті кез келген дәріханадан алуға болады және оны ешқандай проблемасыз үй жағдайында анықтауға болады.

Балаларыңызды тест тапсыруға үгіттеңіз. Ең болмағанда, халық болып, ІІМ жұмысын жеңілдетуге көмек көрсетерміз.

Ал Тұрғымбаев мырзаға жаңа реформаны қазірден бастап қолға алуды ескертемін, әйтпесе бұл істі сіздің орныңызға келетін жаңа министр қолға алатыны хақ”, – деп жазды ол Instagram-парақшасына.

 

View this post on Instagram

РЫБА ГНИЕТ С ГОЛОВЫ ⠀ Вчера Министр МВД РК Ерлан Тургумбаев отреагировал на вопиющий инцидент на блокпосте в Алматы (погибло двое полицейских), отвесив тумаков подчиненным в виде строгих выговоров начальнику ДВД и его первому заму и увольнения еще 3 сотрудников. ⠀ Только вот одно "но", почему эта работа не контролировалась министерством раньше? Ведь у вас проводится постоянный мониторинг (надеюсь), назначаются проверки, а выездной аудит катается по регионам и делает срез. Так где же результаты? ⠀ Подобная реакция у нас в стране, к сожалению, только пост фактум. А где превентивные меры? ⠀ Если углубляться, то у нынешнего МВД можно обнаружить очень много болячек, и это министерство уже давно нужно положить на хирургический стол и начинать вырезать эти болячки, проще говоря нужны РЕАЛЬНЫЕ реформы. ⠀ Когда уже Господин Министр Тургумбаев займется СИНТЕТИЧЕСКИМИ НАРКОТИКАМ, которые сейчас легче купить, чем маски в аптеках??? Больше половины нашей молодёжи уже попробовали и активно сидят на "мефе" (мефедрон), "Крис" (кристалы), "molly", "кетамин" и др. ⠀ Где реальная борьба с наркотиками??? В народе уже давно говорят о том, что среди ваших сотрудников достаточное количество "оборотней в погонах" (естественно не все, но они есть), которые сами "крышуют" наркоторговцев. ⠀ Многие из родителей еще не понимают эту проблему до конца, поэтому я советую каждому пройти экспресс тесты на наркотики. Такие тесты можно купить в аптеках и пройти их в домашних условиях, без огласки. Заставьте своего ребёнка пройти его и мониторьте его. Может хоть так мы облегчем работу МВД. ⠀ А господину Тургумбаеву я хочу посоветовать начинать реформы уже сейчас или очень скоро вместо него эти реформы будет делать уже совсем другой министр.

A post shared by Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat) on

 

Комментарий