Талқыдағы тақырып

Төрт балалылардың жәрдемге иегі қышымаса да болады екен

21 МЫҢНЫҢ ЖЫРЫ…
Сенейін бе, сенбейін бе, білмей отырмын.
1. Түркістанда бір түп жеміс ағашы – 40 мың теңге кіріс әкеледі екен.
2. Кредитің болса, жағдайың жақсы саналады екен.
3. Төрт балалылардың жәрдемге иегі қышымаса да болады екен.
4. Бұл жәрдемді мықты танысың болса ғана алады екенсің.
5. Көпбалалы отбасылардың дүниесіне дейін саналады екен.
… Ойдан жазып отырған жоқпын, ағайын. Осы тақырып талқыланып жатқан ортадан “ақылым айран, санам ойран” болып шықтым.
Сенейін бе, сенбейін бе?

Роза Бекетаева

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий