Қоғам | Общество

Тоқаев болашақ педагогтардың стипендиясын 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Ал білім беру бағдарламасын толығымен жаңартып, ақпараттық технологиялар бойынша арнайы модульді қосу қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтары бойынша стипендияны көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Педагогика мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет”, – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, президент педагогика мамандықтарына түсу талаптарын да біртіндеп көтеру қажеттігін жеткізді. Ал білім беру бағдарламасын толығымен жаңартып, ақпараттық технологиялар бойынша арнайы модульді қосу қажет. Себебі ондай дайындақ қашықтан оқыту кезінде аса қажет.

“Негізі, педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындауы тиіс. Сондықтан білім және ғылым министрлігі тиісті шешімді қабылдайды деп ойлаймын. Жалпы, мен жоғары оқу орындарының шартты түрде лигаға бөлінгенін қалаймын. Сонда олар бір-бірімен бәсекеге түсетін еді”, – деп атап көрсетті Тоқаев.

Комментарий