Әлемде | В мире

Мамандар екі жастан кіші балаларға маска тағудың қауіпті екендігін ескертті

Жапонияда да балаларға арналған маскалар сатылады.

Жапонияның педиаторлар қауымдастығы екі жастан кіші балаларға маска тағу қауіпті екендігін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Мамандар кішкентай балалардың тыныс алу жолдары жіңішке болатынын, сондықтан да маска тағу олардың тұншығуына әкеліп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді. Бұдан бөлек, балақайлардың жүректеріне қысым түсуі мүмкін, сондай-ақ ыстық ауа райы кезінде күн өту қаупі бар.

“Маскада ыстық сақталып тұрады, сондықтан да күн өту қаупі жоғары. Сондай-ақ балаларда лоқсу жиі болады, бұл өз кезегінде, пневманияға шалдықтырып, тұншығуға соқтыруы мүмкін”, – дейді Жапония педиаторлар қауымдастығының басшысы Акира Камикава.

Жапонияда да балаларға арналған маскалар сатылады. Әдетте олардың қаптамасында үш жастан бастап тағуға болатыны жазылған. Кейбір өндірушілердің сипаттамасында масканың “екі жастан жоғары балалар үшін” пайдалануына рұқсат етілгені көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында сәуір айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанын жариялаған болатын.

Комментарий