Қоғам | Общество

Отбасылық жанжалдың кесірінен үйден шыққан 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Полиция қызметі жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындардан +7 776 546 66 66 немесе «102» телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.

Ақтөбеде 25 мамыр күні отбасында болған жанжалдан кейін 16 жастағы колледж студенті, Батима есімді қыз үйінен кетіп, қайта оралмаған, деп жазады Азаттық рухы.

«Бұл жайында полицияға жоғалған қыздың әкесі хабарласқан. «102» телефон номеріне жүгінген әкесі Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың 25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты. Белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, ұзын шашы қоңыр түсті, бетінде секпілі бар; үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Үйден бұрын-соңды кетіп көрмеген. Жанында ұялы телефоны жоқ», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметі жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындардан +7 776 546 66 66 немесе «102» телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.

Комментарий