Құқық | Право

Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

Полиция қызметкерлері қызды ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді анықтады.

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде орын алған. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбады.

“Әлеуметтік желілерде таратылған бұзақылық фактісі бойынша тексеру барысында полиция қызметкерлері өз замандастарын ұрып-соғып, бейнеге түсіргендерді анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарладмада.

Комментарий