ВидеогалереяЕлең еткізер | Актуально

Nur Otan съезінде Назарбаевтың көңілі босап кетті – видео

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда өткен Nur Otan партиясының съезінде көзіне жас алды. Желіде бұл сәттің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Съездің соңында депутат Бекболат Тілеуханның орындауындағы “Елім менің” әні көптің көңіл шерін қозғады. Айта кетейік, бұл әннің сөзін Елбасы жазған. Съезд аяқталған соң партиялықтар бір-бірінің қолын қысты.

Сейсенбі, 23 сәуірде алдағы президент сайлауына арналған Nur Otan партиясының XIX кезектен тыс съезі өтті. Партия мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтататыны туралы 19 наурызда мәлімдеді.

Комментарий