Жаңалықтар | Новости

Алматыдан карантин қашан алынады – әкімдік жауабы

Барлық карантиндік шараларды толығымен жою үшін төрт шарт сақталуы керек.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов “қалада карантин қашан толықтай жойылады” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, жағдай жеткілікті түрде тұрақтанса, карантин жойылады.

Барлық карантиндік шараларды толығымен жою үшін төрт шарт сақталуы керек. Коронавирусты жеңу керек. Біріншіден, адам ішіне түскен коронавирус әбден өлгенде, яғни соңғы науқас емделіп, толықтай жазылған кезде. Екіншіден, өкінішке орай, коронавирус адаммен бірге өледі. Ондай да жағдай бар. Үшіншіден, зат беттеріне түскендері өлгенде. Төртіншіден, вакцина қашан ойлап табылғанда. Біз бәріміз осының барлығын асыға күтіп жүрміз. Сонымен бірге, біз барлық карантиндік шараларды – маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруымыз керек, – деді Қожағапанов.

Ол Жапония мен Корея сияқты елдерді мысалға келтірді.

Ондағы тіркелген жағдайлардың саны онша көп емес, өйткені эпидемия болмаса да, олар бетперде киіп, бір-бірімен байланыссыз амандасады. Егер біз біртіндеп осындай режимге ауысатын болсақ, басқа қарапайым вирустармен және аурулармен күресу бізге де оңайырақ болар еді, – деп сөзін түйіндеді ол.

Комментарий