Қоғам | Общество

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

Бүгін 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимінде қоштасып, жазғы демалысқа шығады. 

Салтанатты шараға 11-сынып оқушылары ғана қатысады. 3-4 маусымда мектеп аулаларында әр сынып үшін жеке аттестат тапсыру рәсімі өтеді.

Түлектер мерекеге бір немесе екі ата-анасымен келе алады. Биыл мектептің аяқталуын мерекелеуге арналған басқа дәстүрлі шаралардың барлығына тыйым салынды.

  • Биыл мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін дәстүрлі соңғы қоңыраудан бас тартылған болатын. 20 мамырда Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуына арналған мерекенің жаңа форматы енгізілгенін хабарлады.

Сағат 11.00-де республикалық телеарналардың эфирінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы құттықтау сөз сөйлейді, содан кейін әр сыныпта қашықтық форматында сынып сағаты өтеді.

Мұғалімдер оқу жылын қорытындылағаннан кейін мектеп оқушыларының ресми жазғы демалысы басталады.

Комментарий