Қоғам | Общество

Маңғыстау облысында пайдаланылмаған 1,4 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ол жердің барлығы бірдей жайылымдық емес, басым бөлігі құмды аймақ болып шықты. Яғни, о баста дұрыс берілмеген.
Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында 2,5 млн гектар жер 30 жыл бойы мақсатсыз пайдаланылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл облыстық прокуратура қызметкерлерінің арнайы тексерісі барысында анықталды. Жер телімі өткен ғасырдың 90-жылдары ауыл шаруашылығы саласына деп берілген екен. Бірақ, ол жердің барлығы бірдей жайылымдық емес, басым бөлігі құмды аймақ болып шықты. Яғни, о баста дұрыс берілмеген.

Сосын әлгі 2,5 млн гектар аумақ бір ғана серіктестікке тиесілі болған. Осыған байланысты, аудан әкімдігіне заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс беріліп, ол жердің 1 млн 400 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Бас прокурордың тапсырмасы шеңберінде Маңғыстау облысы прокуратура қызметкерлерінің пайдаланылмай жатқан және тиімсіз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау бағытындағы жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Наурыз айында осы деректер бойынша прокурордың актісін орындау шеңберінде мемлекетке 1,4 млн гектар жер учаскесі қайтарылды», – деді облыстық прокуратура қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуроры Файзулла Жаңабаев.

Комментарий