Қоғам | Общество

Бір жарым жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр

Атырауда жоғалған бір жарым жасар бүлдіршінді туыстары, полиция және еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz.

– “Бүгін, 20 мамыр күні күннің екінші жартысында Жұлдыз шағын ауданындағы №57 үйден 10 көшеге шығып, бала қайтып оралмаған.

Оның аты Әли, 1,5 жаста, оң аяғынан аксап жүреді. Егер баланың қайда екендігі туралы біреу білсе, бізге 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз”, – деді облыстық полиция департаменті. Баланы іздеуге тек оның туыстары мен полиция ғана емес, еріктілер де қатысып жүр.

– “Волонтерлік штабтың, азаматтық орталықтың, “Қызыл Жарты Ай” қоғамының 50-ге жуық мүшесі, сондай-ақ автоволонтерлер тартылды. Баланы іздеу түні бойы жалғасады”, – деді қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов.  Оның айтуынша, жоғалған баланың отбасы тұратын жеке үй қоршалмаған, сондықтан бала еш кедергісіз көшеге шығып кеткен.

Комментарий