Қоғам | Общество

Жасанды жүрек пен өкпеге қосылған қазақстандық коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда COVID-19 індетімен бірінші болып ЭКМО аппаратына қосылған науқас емделіп шықты.

«COVID-19 індетімен бірінші болып ЭКМО аппаратына (жүрек пен өкпе функциясын қолдауға арналған экстракорпоралды мембрандық оксигенация аппараты) қосылған науқас емделіп шықты. Ер адам өзінің 30 жасқа толған мерейтойын осы аппаратта қосылған күйінде қарсы алған еді. Қазір оның жағдайы жақсы», – делінген Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мәліметінде.

Айта кетейік, Республикалық қарқынды терапия орталығы дәрігерлері мен төтенше жағдай кезеңіне құрылған Сарапшылық топ коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды тұрақты бақылауда.

Күн сайын косилиум өткізіліп, содан кейін инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге қатысты шешімдер жасалып отырды.

Комментарий