Құқық | Право

ТЕРГЕУДЕГІ ТҰТҚЫНДАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Елімізде жарияланған төтенше жағдай онлайн жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқаны анық. Мұндай мүмкіндікті Алматы қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де тиімді пайдалануда. Карантин жарияланған күннен бастап департаментке қарасты түзеу мекемелерінде онлайн жұмыс істеудің ұтымды жолдары қарастырылған болатын. Жуырда барлық мекемелерде «COVID-19» коронавирус эпидемиясы кезінде қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жақсарту және шектеу шараларына байланысты сотталғандар мен күдіктілердің жағымсыз пікірлерін тудырмас үшін Ұлттық превентивтік механизм және Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰПМ мүшелерінің топ жетекшісі И.О.Мирошниченко, мүшесі Э. С. Ватлина мен Қоғамдық бақылау комиссиясы төрайымы А.С.Жанәбілова күдіктілермен және сотталғандармен онлайн кездесу кезінде республикадағы жалпы жағдай туралы, коронавирустың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгіме өткізді. Тұтқындар мен сотталғандар әңгіме барысында қылмыстық істерге және амнистияға қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар онлайн кездесуге келгендер де сотталғандар мен күдіктілерге тергеу изоляторындағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, медициналық көмектің сапасына, тамақтану жағдайына, туған-туыстарымен байланыс жасау жолдарына қатысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Олар сотталғандар мен күдіктілердің заңды мүдделері мен құқықтарының сақталуы жайында білді.

Кездесу соңында ҰПМ және ҚБК комиссиясының мүшелері тергеудегілерге сұрақтар туындаған жағдайда жазбаша түрде жіберуге болатынын түсіндірді.

 

Алматы қаласы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий