Құқық | Право

Рудный қаласында 18 жастағы жігіт пышақталған

Рудный қаласында 18 жастағы жігітті пышақтап кетті, – деп хабарлайды Alau.kz.

Басылым мәліметінше, Қостанай облыстық полиция департаменті осы деректі растаған. “Ер адамдар бірге ішімдік ішіп отырып, жанжалдасқан, артынша жасы үлкені 18 жастағы жігітке пышақ салған”, – делінген хабарламада.  Жедел-іздестіру шаралары барысында 52 жастағы күдікті анықталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.

Комментарий