Құқықтық кеңес | Юридическая консультацияТалқыдағы тақырып

Қазір технология дамыған сайын алаяқтардың заманы болып тұр

Достар, осында елбасыдан бастап мектеп оқушысына дейін парақша ашқан десем артық айтқандық болмас. Бәріміздің айтар ой, қосар пікіріміз бар. Яғни көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар таныстарына жеткізсін, сақтандырсын деген ниетпен маңызды бір пікір қалдырсам деп отырмын.

Қазіргі таңда интернет алаяқтары тым көбейіп кетті. Әлеуметтік желі арқылы жалған суретпен жалған құжат жүктеп, жалған есіммен құқықтық және тағы басқа да көмек көрсетемін деп, алдап, құрбанына ақша аудартып алатын алаяқтар бар.

Одан бөлек, Кореяға, Ресейге және тағы басқа мемлекеттерге жұмысқа тұруға көмектесем деп, жалған фирма ашып, жалған (оқудың өзі ұят) келісімшарпен ақша жинап алып, халықты “лақтырып”, сан соқтыратын алаяқтар бар.

Биржа, пирамида деп, электронды кабинет аштырып, өздеріне ақша аудартып алатын алаяқтар бар.

Қысқасы, танымайтын, білмейтін, көрмеген адамыңызға ешқашан, ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН ақша бермеңіз, аудармаңыз!!! Егер ары қарай “ешкіммен соттаспаймын, кеткен ақша садақа, ешкімге қояр талабым жоқ” десеңіз, онда танымайтын алаяққа жем бола беріңіз (сіздің шаруаңыз).

Сақтық шаралары 🆘
1. Келісімшартқа қол қояр алдын оқып танысыңыз, әріп тани алмасаңыз заңгерден сұраңыз.
2. Әлеуметтік желі арқылы көрмеген адамыңызға ақша аудармаңыз.
3. Ешқандай биржа мен пирамидаға сенбеңіз, “70 рет өлшеп, 1 рет піш”.
4. Қарызға жай танысыңызға қолхат пен заттай кепілсіз ақша (не мал) бермеңіз!
5. Көрші-қолаң, тума-туыс, дос-жаранға (егер оны кейін даулайтын болсаңыз) ешқашан қарызға ақша бермеңіз!

Қысқасы, қазір технология дамыған сайын алаяқтардың заманы болып тұр. Сақтаныңыз!

Гүлжазира Есбол

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий