Судья мінбері | Судебная система

«Сапалы нәтиженің» маңызы зор!

Еліміздің сот жүйесінің даму жолында елеулі өзгерістер орын алуда. Бірнеше жыл бұрын Жоғарғы Сот тарапынан «Сот жүйесінің 7 түйіні» атты жоба іске қосылған болатын. «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» секілді жұмыстар бүгінде сот саласының ілгерілетуге жұмыс істеуде. Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрамақ. Бірқатар стратегиялық тапсырмалардан тұратын бұл жоба сот жүйесінің жұмысын оңтайландыру және сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру бағытында қызмет атқаруды көздейді. Жеті түйіннің бірі «Сапалы нәтиженің» маңызы зор!

Өйткені Сот актілерінің түсінікті жазылуы, олардың қарапайым азаматтарға ұғынықты болуы мен олардың орындалуы өзектілігін жоймайтын мәселе. Және осы мәселелерде сапалы нәтижеге жету қоғамның сотқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің бір парасы. Сондықтан, қабылданған сот шешімінің уәждері түсінікті және анық болуы тиіс. Оған жету жолында аталған бағдарлама шеңберінде атқарылар шаралар оң нәтиже беріп қана қоймай, қызмет сапасын да арттырарына сенім мол!

Бүгінде «Сапалы нәтиже» жобасы аясында сот актілерінің азаматтарға түсінікті болуы үшін жаңа типтік нысан дайындалып, барлық сот актілері сол нысанда жасақталып келеді. Қазіргі таңда судьялар сот шешімін жариялаған соң, тараптарға не себептен нақ осындай шешім қабылданғанын түсіндіреді. Бұл процесске қатысушылардың сот актісімен келіспеушілігін азайтуда. Жүйе іске қосылған соң атқарылып жатқан бұл шаралар саланың дамуына айтарлықтай оң әсерін тигізуде. Сот актісінің беделін, сот ісін жүргізуге қатысушылардың сотқа жүгіну нәтижесімен қанағаттану деңгейін көтеруді мақсат еткен жоба сәтті жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Тұтастай алғанда, аталған жобалар негізгі ортақ міндет – қоғамның соттарға деген сенімін арттыруға бағдарланған. Осылайша «7 түйіннің» негізінде соттарда сот жұмысы тиімді ұйымдастырылып, сот төрелігіне деген халықтың сенімі артып келеді.

Кішібай Ұлан Тұмарханұлы, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

 

Комментарий