ВидеогалереяЕлең еткізер | Актуально

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны бір түнде 150 мың қаралым жинады (видео)

Димаш Құдайберген көптен күттірген бейнебаянымен қуантты. Әнші “Любовь уставших лебедей” атты әнге түсірілген клипін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Испания елінде түсірілген бейнебаянға украиналық Алан Бадоев режиссерлік еткен.

Туынды “Любовь утсавших лебедей” – бір қанатты періштелер жайлы ескі аңыз желісіне құрылған. Бұл идеяға Алан Бадоевты ақын Михаил Гуцериевтің жыр жолдары шабыттандырған.

Айта кетейік, композицияның авторы – танымал ресейлік композитор – Игорь Крутой.

Кеше түнде жарияланған бейнебаянды осы уақытқа дейін 150 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.

https://youtu.be/hPOYfYP4ISY

Комментарий