Қоғам | Общество

Қызылордада 6 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның 6-уы медицина қызметкерлері. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.

«Олардың арасында 1-уі дәрігер, 2-уі көлік жүргізушісі, 1-уі техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді.

Комментарий