Құқық | Право

Ақтөбеде деструктивті діни ағымның жақтаушылары моншада ұсталды

Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен монша иесі мен клиенттер әкімшілік жазаға тартылды.
Ақтөбеде карантин режимін бұзған бес ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Алдын алу шараларын жүргізу барысында полицейлер қала моншаларының бірінде облыс орталығының 5 тұрғынын анықтады.

Режим бұзған адамдар деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шықты.

Монша иесіне және бес клиенттке ӘҚБтК-нің 476 бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен монша иесі мен клиенттер әкімшілік жазаға тартылды

Комментарий