Қоғам | Общество

“Өз еркімен ем қабылдаған”: Алматыда көз жұмған науқас жайлы дерек шықты

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы соңғы коронавирустан көз жұмған науқас жайлы айтып берді.

1957 жылы туған әйел адамның зайыбының айтуынша, марқұм апта бойы қақырықты жөтел мен дене қызуының көтерілгеніне шағымданған. Солай бола тұра, ол үйде өз еркімен ем қабылдаған.

23 сәуір күні аяқ астынан дем жетпей, есін жоғалтқан. Жедел жәрдем бригадасы шақырылғанымен, дәрігерлер жеткенге дейін науқас көз жұмған.

Ал коронавирусқа қатысты талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Қайтыс болған екінші науқас 1945 жылы туған. Ол 12 сәуір күні COVID-19 диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Науқаста осы кезге дейін жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екі жақты пневмония сияқты ілеспелі сырқаттары болған.

“Ауыр жағдайда болғандықтан пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Комментарий