Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін

Қазақстандық эпидемиологтар осы күзде елімізде коронавирустың екінші рет өршуі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен видеоконференция өткізген эпидемиолог-ғалымдардың пікірінше, коронавирус инфекциясы күзде тұмаумен бірге қайта өршуі ықтимал. Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керектігін айтады.

«Маусымдық гипотезаны қазір ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Маусымдық жағдайда тұмау қатты жүрмеуі ықтимал. Тиісінше жазда эпидемия жалғасуы мүмкін. Күзде де ол ары қарай кездесе береді», – дейді С.Аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры Бауыржан Жүсіпов.

COVID-19 ауруын зерттеу үшін қазақстандық ғалымдар биоматериалдар банкін құруды ұсынып отыр.

Комментарий