Қоғам | Общество

1 500 әскери міндетті жиынға шақырылады

Қорғаныс министрі тиісті бұйрыққа қол қойды. Ведомство әскери жиындар елде жылына бірнеше рет өткізілетінін еске салды

2020 жылы әскери жиындарға 1 500 әскери міндетті шақырылады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығында жазылған.

“2020 жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын”, – деп жазылған құжатта.

Әскери жиындарды әскери басқару органдары, әскери дайындық жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар өткізеді.

“Мұндай жиындар елде жылына бірнеше рет ұйымдастырылады”, – деді қорғаныс министрлігінде.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

2 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерге арнайы жиын жариялаған болатын.

Әкімдер азаматтарды жиынға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, әскери комиссариат арқылы шақырады. Олардың денсаулығы, отбасы жағдайы мен жасы сынды жайттар ескеріледі.

Комментарий