Қоғам | Общество

«Коронавирус осы жерден шығып жатпасын…»: Сайрамда Ухань базарынан бетер қасапхана бар (ВИДЕО)

«Түркістан облыстық прокуратурасының назарына! Мына қасапхананы тазалық ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салып, жабуды сұраймын! Себебі, осы жерде сойылған малдар базарларда сатылуда!» – дейді заңгер.
Танымал заңгер Айгүл Орынбек facebook парақшасына Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы қасапхананың видеосын жариялады. Оның айналасы малдың ішек-қарны мен терісіне толы. Қан сасыған қалдық далада тонналап жайрап жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мынандай жерде сойылған малдың еті халал ма? Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан қасапхана! Жергілікті тұрғындардан сасық иіске байланысты шағым түсті. Қасапхана иелері қажылыққа барып жүрген жігіттер деп отыр көршілері!

Халыққа беріп отырған еттері арам болған соң, Алладан кешірім сұрау үшін қажылыққа барып жүрген шығар қайта-қайта! Төтенше жағдайға байланысты бұл қасапхананы ешкім тексеріп жатқан жоқ шығар, иә?

Түркістан облыстық прокуратурасының назарына! Мына қасапхананы тазалық ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салып, жабуды сұраймын! Себебі, осы жерде сойылған малдар базарларда сатылуда!» – дейді заңгер.

Ал видеода полиция қызметкерлері болса керек, әйтеуір, нысанды тексеруге барғандар сондағы қасапшылармен өзбекше «гәпірісіп» жүр. «Коронавирус осы жерден шығып жатпасын бізге! Мынау ғой, қылып жатқан тірлігі!» деп қояды видеоға түсіріп жүрген азамат. Демек, малды айналаның бәрін қан-жын сасытып тұрып сойып жатқандар – өзбек жігіттер.

Еске сала кетсек, біз Атырау облысында жылқыны маңдайдан аяусыз ұрып жатқан қасапшы туралы жазған болатынбыз. Ол да өзбек еді. Ал мына сабаздардың «аллаху акбарын» айтып, адалынан бауыздап жатқандарына кім кепіл?..

Комментарий