Қоғам | Общество

Қорғаныс министрлігі зейнеткерлерінің зейнетақылары мен жәрдемақыларына қайта есептеу жүргізді

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы зейнетақыларды, жәрдемақыларды және атаулы әлеуметтік көмекті 10%-ға индекстеу жүргізуді тапсырды.

Қазақстан Қорғаныс ведомствосының зейнетақымен қамтамасыз ету орталығымен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“2020 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері 5%-ға, ал мемлекеттік базалық  жаңа ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне қатысты арттырылды.

Жалпы алғанда Қорғаныс министрлігінің 34 мыңнан астам зейнеткерлеріне қатысты қайта есептеу жүргізілді.

2020 жылы 13 сәуірінде үзінділер мен шешімдер бұдан әрі төлемді ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асыру үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына жолданды”, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың 31 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде төтенше жағдай режимі кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін атап өткен болатын. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы зейнетақыларды, жәрдемақыларды және атаулы әлеуметтік көмекті 10%-ға индекстеу жүргізуді тапсырды.

Комментарий