Саясат | Политика

Тоқаев: COVID-19 біздің табиғатқа ұқыпсыз қарайтынымызды көрсетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы адамдардың табиғатқа деген жауапсыз және ұқыпсыз қатынасын көрсеткенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

«Халықаралық Жер күнінде біз, адамдар планетаны қоршаған ортаның ластануынан құтқару үшін бірігуіміз керек. COVID-19 біздің жауапсыздығымызды, табиғатқа ұқыпсыз қарайтынымызды көрсетті. Ұрпағымыз үшін осы әлемді таза әрі қауіпсіз күйінде сақтап қалайық», деп жазды президент.

  • Еске сала кетейік, кеше 22 – сәуір Халықаралық Жер күні. Бұл күн 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіледі.

Комментарий