Талқыдағы тақырып

Ол кісі полицияны шақырмады. Өйткені тәртіп сақшыларына сенбейді.

Алматыда көпқабатты үйлердің есігіне орнатылған бейнебақылау бар, бірақ одан пайда жоқ. 7 қабатта тұратын бір көршінің былтыр ұрылар пәтерінен тонын, бағалы тастарын, алтын, күміс, теңгесін арқалап кетті . Бейнекамерада түрі айқын емес. Бет-жүзі көрінбейді. Полицияұрыларды таппады. Енді олар құныққан сияқты.

Бүгін 6 қабатта жалғыз тұратын көрші әйелдің пәтерінің есігін сұғанақтар сындырып, үйдің ішін жау келгендей жайратып, үптеп кетіпті.

Ол кісі полицияны шақырмады. Өйткені тәртіп сақшыларына сенбейді. Мен де тоналған мүлікті ешкімнің қайтып бермейтініне және істің жылы жабылатынын білемін. Былтыр өзіміз ұстап берген күдіктінің ісімен айналысқан тергеушіні көрмедім. Біреуі ауысты, екіншісі мазалай бермеңдер деп, үнсіз, хабарсыз кетті. Арызымыз қаралған жоқ.

Алматыда көпқабатты үйлерге ілінген бейнебақылау көп. Ол кімнің бизнесі болса да өте тиімді табыс көзі деп есептеймін.

Мысалы, бейнебақылауға әр пәтер иесі 200 теңге ай сайын төлейді. Біздің үйде 145 пәтер бар . Енді есептейік, 145×200=29000.

Қалай десек те, біздің үйді аңдыған ұрыларға тұсау болмай тұр.

Жазира Бегалы

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий