Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда бір тәулікте 127 медқызметкер коронавирус жұқтырды

Алматыда бір тәуілікте 127 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұны қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі растады.

Жұқтырғандардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар. Сонымен, Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 735-ке жетті.

  • Еске сала кетейік, 14 сәуірде Алматыда медицина қызметкерлерінің арасында инфекцияның бірден 116 жағдайы тіркелгені белгілі болды.
  • Сол күні қалалық аурухананың 400 дәрігері президентке Алматының бас дәрігері Айзат Молдағасимоваға қарсы ашық хат жолдады.
  • Бас дәрігер медицина қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыруына қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған деп айтқан еді.

Комментарий