Әлемде | В мире

Билік пандемияға байланысты карантин мерзімін ұзартты

Мысалы, енді балалар үлкендерсіз дүкенге немесе дәріханаларға бара алады.

Испания билігі пандемияға байланысты елде енгізілген карантинді 9 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен балаларға қатысты шектеу шараларын жұмсартты. Мысалы, енді балалар үлкендерсіз дүкенге немесе дәріханаларға бара алады. Испания – COVID-19-дың зардабын тартқан екінші мемлекет. Өткен тәулікте коронавирустан тағы 430 адам көз жұмды.

Жалпы эпидемия басталғалы Испанияда 21 мың 200-ден астам адам вирустан қайтыс болды, ал жұқтырғандар саны 204 мыңнан асты.

Комментарий