Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ақылы жол көбейеді

Қазақстанда ақылы көлік жолдары 2020 жылы сегіз есе көбейеді, 682 шақырымнан 5,7 мың шақырымға дейін, деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында слайдта көрсетілген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған: жағдайы жақсы және қанағаттанарлық республикалық маңыздағы көлік жолдарының 89%-ы және облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың 71%-ы; өзін-өзі ақтайтын ақылы жолдардың 682 км-ден 5,7 мың км. дейін өсуі; Ұлттық стандартқа сәйкес жол сервисі нысандарымен көлік жолдарын қамтамасыз ету 49%-дан 58%-ға дейін; транзит тасымалын темір жол көлігімен қамту көлемін 19%-ға арттыру және 20,9 млн тоннаға дейін жеткізу, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 17,5 млн тонна тасымалданған», – деді Атамқұлов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, контейнерлік транзит көлемін жиырма футтық эквивалентте 842 мың контейнерге дейін өсіру жоспарланған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 664 мың құрады.
«Транзиттік авиажолаушылар санын 1,2 млн. адамға дейін жеткізу және әуе көлігімен жалпы тасымалданған жолаушылар санын 9,1 млн адамға жеткізу. Бұл мәліметтер (коронавирус-ҚазТАГ) пандемияға байланысты қайта қаралатын болады», – деді ИИДМ басшысы.

Комментарий