Судья мінбері | Судебная система

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – ЕЛДЕГІ ТЫНЫШТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы – елдегі тыныштықтың кепілі. Дәл осы сөздің мағынасын 31 наурыздағы Президент сөзінен кейін анық түсінгендей болдым. Осы күні телеарнадан сөйлеген ҚасымЖомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған қосымша шаралар туралы айтты. Алаң көңіл болып отырған жұртқа үміт сыйлады, қорқынышын сейілтті.

Президент осындай қиын уақытта азаматтардың рухын көтерді. Ол айтқан дағдарысқа қарсы шаралар пакеті ел тұрғындары үшін ауадай қажет. Адамдар тәртіпке сай үйде отырғанымен, ертеңін ойлайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет ешкімді қолдаусыз қалдырмайтынын нақты түсіндірді. Оның сөздері болашаққа деген сенім мен карантиннің белгіленуі – міндетті шара.
Мемлекет басшысы енгізген төтенше жағдайдың арқасында Қазақстан вирустың бақылаусыз таралуының алдын алады. Дер кезінде мұндай шешім қабылданбаса індет жұқтырғандардың саны бірнеше есе көп болуы мүмкін еді. Дамыған елдердегі бейқамдықтың салдары қаншалықты ауыр болғанын халық та көріп, біліп отыр.
Әрине, төтенше жағдай кезінде тұрғындардың біраз бөлігі ақша табу мүмкіндігін жоғалтатыны анық. Бірақ, біздің үкімет бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Президент өз сөзінде зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыны, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті жыл сайынғы 10% -ға индекстеу туралы тапсырма
берді. Сондай-ақ, табысынан айырылғандарға 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемнің тағайындалуы әр отбасын қиындықтан шығаруға сеп болары даусыз. Жалпы алғанда, қаржылай қолдауға ие болатын азаматтар саны 3 миллионға жуықтайды. Менің ойымша, OSMS енгізуді кейінге қалдырған орынды. 1 шілдеге дейін барлық қазақстандықтар мәртебесіне қарамастан медициналық көмек алады.
1,2 және 3 топтағы мүгедектер және ресми тіркелген жұмыссыздар тегін тамақ пакетіне ие болады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Шымкентте жастарды жұмыспен қамту бойынша нақты жоба жасауды тапсырды. Басқа облыстарға жұмысқа баруға дайын азаматтарға 85000 теңге көлемінде төлем ұсынылады. Президент адамдардың табыс көзі болуы керек деп атап өтті. Осыдан көріп тұрғанымыздай мемлекет тарапынан азаматтарды қолдаудың барлық мүмкіндігі қарастырылуда. Ал, біз бәріміз мемлекетке қалай көмектесе аламыз? Ол үшін осындай сын сағатта бәріміз ең болмағанда үйден шықпай, вирустың таралуына
тосқауыл қоюымыз керек. Сот жүйесінің қызметкері ретінде мен қазір сотқа жүгінетін уақыт емес екенін айтқым келеді. Елдегі төтенше жағдай кезінде азаматтардың соттан бас тартқаны жөн. Өйткені, осындай шақта соттасқаннан, денсаулығыңды сақтау маңызды.
Гүлшат ҚАЗЫМБЕТОВА,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының судьясы

Комментарий