Құқық | Право

Моншада демалыс ұйымдастырған лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды (ВИДЕО)

Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға 18 сәуірде сағат 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған.

Ақмола облысында карантин уақытында моншада демалыс ұйымдастырған Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев мәлімдеді.

«Аталмыш факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданады», – деді Нұрбек Нәбиев.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Ақмола облыстық Полиция департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары төтенше жағдайда монша кешенінде демалыс ұйымдастырғанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға 18 сәуірде сағат 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған. Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында рейд жүргізіп, «Избушка» монша кешені иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Монша кешенін тексеру кезінде ішінде төрт адам болған.

 

 

Дереккөз: Азаттық рухы

Комментарий