Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Ұрса өзінің күшігі»: желіде ұлын өлімше етіп сабап жатқан әкенің ВИДЕОсы тарап жатыр

“Осындай адамдарды да жер көтереді. Қалайша? Мына оңбағандарды жазалау керек!”, – делінген видео жазбасында.

«Ұрса өзінің күшігі»: желіде ұлын өлімше етіп сабап жатқан әкенің ВИДЕОсы тарап жатыр

Желіде ер адамның мектеп жастағы баланы өлімше етіп сабап жатқан видеосы тарап жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны Айнұр Шәмші есімді Facebook-қолданушысы парақшасына жүктеген екен. Видеодан түсінгеніміз, баланы тепкіге алып, темірмен ұрғылап жүрген әкесі болғанға ұқсайды. Ер адам баласын бірдеңе жасатуға мәжбүрлеп жатыр.

“Осындай адамдарды да жер көтереді. Қалайша? Мына оңбағандарды жазалау керек!”, – делінген видео жазбасында.

Видео астындағы пікірлерге мән берсек, оқиға Қырғызстанда болған деген болжам бар. Басым көпшілігі жасөспірімді жақтап, ер адамды даттап, қарғыс атып жатыр.

“Кім ит мынаны түсіріп тұрған? Мына боққарынды сүйреп өлтіру керек”, “Мынау адам емес, хайуанда емес! Себебі екеуі де өз баласына осылай жасамайды. Мынау нағыз қанішер, жауыз, бұндайларды ату керек…”, “Қойсаңыздаршы ұрса өзінің күшігі. Ертең жауынгер боп өседі. Тем более қырғыз дейді. “Біздің қазақ” деп жеріп қайтесіздер осы”, “Түсіріп тұрған адам да оңбаған екен”, – деп жазған олар.

 

Комментарий