Құқық | Право

АХҚО Соты онлайн өтеді

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы COVID-19 пандемия кезінде сот төрелігіне онлайн қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

COVID-19 пандемиясымен балайнысты жағдай барлық қызмет аймағына әсерін тигізді. Әлемдегі көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Өндіріс тізбегі бұзылған, көптеген компаниялар жеткізілім мен төлем мерзімдерін қайта қарауға мәжбүр. Дәл қазір бизнеске дау-дамайды шешудің сенімді онлайн қызметі қажет. Үйден шықпай-ақ, денсаулыққа қауіп төндірмей сотқа жүгіну мүмкіндігі әлемнің барлық елдерінде ерекше өзекті болды, және Қазақстан да сол елдердің қатарына жатады.

2018 жылдың қаңтар айында АХҚО алаңында  Орталық Азиядағы алғаш рет екі ерекше сот төрелік институты – АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (одан әрі ХТО) өз жұмысын бастады. Екі институт тәуелсіз және азаматтық және коммерциялық дауларды шешудің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. Халықаралық беделге ие тәжірибелі және әйгілі құқықтанушы сарапшылардың, судьялардың болуы абсолютті тәуелсіздік, бейтараптылық, адалдық, заңдылық пен тұтастық қағидаларын сөзсіз қолдануды растайды.

Заманның өзгеруін ескере отырып, 2019 жылғы ақпан айында АХҚО Соты мен ХТО eJustice электронды сот төрелігінің бірегей жүйесін іске қосты. Бұл жүйенің авторы Сингапурда орналасқан CrimsonLogic, көптеген халықаралық IT марапаттарға ие компания, бүкіл әлем бойынша үкіметтер мен соттар үшін инновациялық шешімдер мен бағдарламалар әзірлеудің көшбасшысы. eJustice Chrysalis әлемдік деңгейдегі қосымша арқылы құрастырылған. Бұл қосымшаның әлемдегі жетекші елдер қолданатын стандартты емес функционалдығы мен мүмкіндіктері бар. EJustice құрудың негізгі мақсаттарының бірі – АХҚО Соты мен ХТО қызметіне қол жеткізуді жеңілдету және жеделдету.

Карантин және үйден жұмыс істеу жағдайында, eJustice  арқылы сот ісін қозғау және интернетте процесті бақылау қабілетілігіне байланысты бұл жүйе Қазақстан мен аймақтағы адвокаттар үшін маңызды артықшылыққа айналуда.

Электрондық сот жүйесі талап арыз бойынша барлық құжаттарды онлайн режимінде жіберуге және курьердің қызметтерін пайдалану қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйенің өзі сізге айыпталушыдан құжаттар келгенін немесе судьяның құжаттарды көргенін туралы хабарлайды.

Дәстүрлі сот және арбитраж істерін жүргізу үшін заңгердің үлкен құжаттар топтамасымен және сансыз көп шығындалған қағаздармен жұмыс істейтінін ешкімге құпия емес. Электрондық жүйе заңгерлерді мұндай мәселелерден босатады. Енді іске қатысты құжаттарды әлемнің кез келген нүктесінен смартфон экранында ашып, тексеруге және қарауға болады. eJustice құжаттарды жіберу уақытын тіркейді, мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол сот ісін жүргізуге және құқықтық құжаттарды электронды өңдеуге көмек көрсетеді.

eJustice арқылы сотқа жүгінген адвокат арыздың мәртебесін, істің орындалуын қадағалап, сонымен қатар құжаттарды өңдеп, іс бойынша қажетті ақпаратты тез әрі тиімді таба алады және т.б. Заңгер бір мезгілде бірнеше істі қатар басқара алады және әрбір іске қатысты әрекеттерді онлайн режимінде көре алады.

Сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, АХҚО Соты мен ХТО сот пен арбитраж істерін жүргізу үшін ақы алмайды. Шағым беру, сот отырыстарын өткізу және тындау дау тараптарына ешқандай экономикалық шығындар әкелмейді, бұл дағдарыс кезінде шығындарын азайтуға тырысатын компаниялар үшін өте маңызды. Кез-келген жиналыстар, кеңестер мен тыңдаулар заманауи бейне технологияларды қолдану арқылы онлайн режимінде өткізіледі.

АХҚО Соты мен ХТО-ға заңды және іскер топтардың сенімі екі ұйымның істер санының өсіп келе жатқандығымен расталады. Бүгінгі таңда ХТО медиация ережелерін қолдана отырып 67 медиация процесі жүзеге асырылды. Екі сот талқылауы қабылданды және бір сот шешімі шығарылды.

Қазіргі жағдайда құқықтық қауымдастықты қолдау мақсатында АХҚО Соты мен ХТО құқықтық білім беру бағдарламасын онлайн форматқа аудару арқылы жалғастыруға ниетті. Спикерлер АХҚО Сотының судьялары, ХТО төрешілері, сондай-ақ ірі халықаралық және Қазақстандық заң фирмаларының серіктестері болады. Әлемдік сарапшылар өз әріптестерімен әлемдегі карантин мен пандемия кезеңіндегі ең өзекті құқықтық мәселелер туралы ақпараттармен бөліседі. Форс-мажор жағдайларының құқықтық аспектілері талқыланады, сот практикасы, сондай-ақ пандемия кезіндегі заң фирмаларын басқарудың маңызды мәселелері қарастырылады.

Құқықтық білім беру бағдарламасының арқасында алынған білімдер мен дағдылар қазақстандық заңгерлерге АХҚО клиенттердің мүдделерін қорғауға және АХҚО Соты мен ХТО қызметтерін коммерциялық дауларды шешу үшін тиімді пайдалануға көмектеседі.

Авторлар:

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығының тіркеуші және аппарат басшысы.

Эльвира Яушева, АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының қоғаммен байланыс және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры

Комментарий