Құқық | Право

«24 млн теңгені жеп қойған» мектептің бас бухгалтері 5 жыл темір торда отыратын болды

Атырау облысында орта мектеп бас бухгалтерінің бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқыру әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Айыпты тұлға заңға қайшы әрекеттерін жасауда қызмет бабын пайдаланған Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас бухгалтері. Жылыой аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік мекемелерде жауапты лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құрметті азаматтар! Егер Сізге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау немесе жымқыру деректері мәлім болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7122) 35-42-10 сенім телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз!

Комментарий