Қоғам | Общество

42500-ге арналған телеграм боттың жалған нұсқаларынан сақ болыңыз!

Адамдар қандай жағдай болса да, алаяқтық әрекеттерін қоймайды екен. Міне, тағы да қиын жағдайдағы азаматтардың шарасыз күйінен пайдаланғысы келетіндер табылып жатыр. Жақында ғана жаңадан іске қосылған Телеграм мессенджерінің жалған нұсқалары пайда болыпты. Олар 42500 жәрдемақысына өтінім беру үшін, азаматтардан бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) және басқа да өздері көрсеткен шоттарға төлемдер жасауды сұрайтын көрінеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, алаяқтар Егов логотипімен ашқан “@NurSultan_42500_Bot” аккаунтына 4 адам өздерінің мәліметтерін жіберіп үлгеріпті.

«Мұқият болыңыздар, адасып, ұрынып қалып жүрмеңіздер. Боттың жалған екенін қалай білуге болады? Жалған боттар азаматтарға  бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.

«Назарларыңызға 42500-ге өтінім беруге арналған ресми боттың сілтемесін ұсынамыз:

  1. https://t.me/Help42500Bot
    2. https://t.me/NurSultan42500Bot
    3. https://t.me/Almaty42500Bot
    4. https://t.me/Shymkent42500Bot
    5. https://t.me/JambylObl42500Bot
    6. https://t.me/Kostanai42500Bot
    7. https://t.me/Karagandy42500Bot
    8. https://t.me/Atyrau42500Bot
    9. https://t.me/Turkistan42500Bot
    10. https://t.me/Aqtobe42500Bot
    11. https://t.me/Pavlodar42500Bot
    12. https://t.me/Mangystau42500Bot
    13. https://t.me/ZKO42500Bot
    14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot
    15. https://t.me/SKO42500Bot
    16. https://t.me/VKO42500Bot
    17. https://t.me/AlmaObl42500Bot
    18. https://t.me/Akmol42500Bot

Сонымен қатар, өтініштеріңізді egov.kz және 42500.enbek.kz электронды порталы арқылы жолдауға болады.

Комментарий