Қоғам | Общество

Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді. Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты.

Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғанын жеткізді.

“Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз”, – деді министр.

Бұған дейін министрлік ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайынғы форматта өтетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқып жатыр. Оқушылардың қорытынды бағасы оқу жылындағы бағаларға сәйкес қойылады, емтихан болмайды.

Комментарий