Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазір елімізде 370 медицина қызметкері коронавируспен ауырып жатыр

«Медицина қызметкеріне жеке қорғаныш заттары беріліп, күн сайын денсаулығы тексерілуі қажет. Қорғаныш заттары тимесе, бас дәрігер жауап береді», – деді вице-министр.
Енді ауруханаларда эпидемияға қарсы шаралар күшейтіледі. Себебі, қазір елімізде 370 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, дәрігерге қаралатын науқастың кез келгені індет таратушы болуы мүмкін. Осындай қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан 16 500 медицина қызметкерінің жалақысына үстемақы қосылды. Бұл мақсатқа жалпы құны 3 миллиард 200 миллион теңге бөлінген.

«Правизорлық стационарларда да бейнебақылау орнатылады. Медицина қызметкеріне жеке қорғаныш заттары беріліп, күн сайын денсаулығы тексерілуі қажет. Қорғаныш заттары тимесе, бас дәрігер жауап береді. Бастысы, дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс», – деді вице-министр.

Комментарий