Бас тақырып | Тема дняЭкономика

ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУҒА ҚАЖЕТТІЛІК БАР МА?

Украинаның Чернобыль, Жапонияның Фукусима АЭС-ындағы жарылыстар дүниежүзіндегі атом станциясына деген көзқарасқа ерекше әсер етті. Соған қарамастан, қуат көзіне деген мұқтаждықтан энергияның бұл түріне деген қызығушылық бар. Оның ішінен Қазақстанның да табылуын сарапшылар экономикалық тиімділіктен гөрі, саяси мүдде тұрғысынан қарастыруда. Бұған не дейсіз?

Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы РҚБ президенті:
– Мен өзім Қазақстанда атом электр станциясы салынады деген сөзге сенбеймін. Естеріңізде болса, кезінде «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы» деген үлкен жоба болды. Оған миллиардтаған АҚШ доллары жұмсалды. Алайда, оның ешқайсысы қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. ЭС деген – инновацияның ең жоғары дәрежесі. Бұл жоғары технологиялық ядролық физика. Оның салынатынына сенбейтінімнің бірінші себебі, бізде оған қажетті қаражат жоқ. Екіншіден, мамандар да тапшы. Ядролық физиктер біз тұрмақ Ресейдің өзінде жоқ. Мен Ресейде оқығанмын, ондағы ғылымның қандай дәрежеде екенін білемін. Үшінші, бізде АЭС салуға ешқандай қажеттілік жоқ. Елбасымыз ол кісіні тектен-тек тағайындап кеткен жоқ. Энергоресурстарымыз жеткілікті. Көмірдің өзі 500 жылға жетеді. Газ бен мұнай да жеткілікті деңгейде. Бұдан бөлек, жел мен күн энергиясы бар. Төртінші, бұл саяси желеу болуы мүмкін. Алда сайлау келе жатқандықтан, халықтың көңілін бөлу үшін мұндай әңгіме әдейі қозғалуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды. Бесінші, ең бастысы 1986 жылғы Чернобыль- дағы жарылыстан кейін халық АЭС салуға сенбейді, одан қорқады. Өйткені, бізде Семей полигоны болды. Халық оған түбегейлі қарсы. Алтыншы, АЭС салған кезде білімді маман болу бір бөлек, бұл жерде қатаң тәртіп керек Онда әр секунд үлкен рөл ойнай- ды. Атом реакциясында процестер жарықтың жылдамынан да жоғары жүреді. Ал, тәртіп жағынан біздің олқы тұстарымыз жеткілікті екенін өзіңіз де білетін шығарсыз.

Медеу ӘбІШЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚазҰА мүше-корреспонденті, физика-математика ғылымдарының докторы:
– АЭС салу қымбат жоба болғанымен, ол өндірген энергиясы арқылы өзін-өзі ақтайды. Бұл жәрдегі басты мәселе, егер онда қандай да бір апат болса, қоршаған орта ластануы мүмкін деген қорқынышта болып тұр. Ал, екіншісі, одан шығатын реактивті қалдықтар мәселесі.
Жалпы, бізге аграрлы ел болып қалған дұрыс па, жоқ, жоғары технология бағыттарын дамытқан дұрыс па? Бір жолды таңдауымыз керек. Осы арада айта кететін жәйт, ядролық технологияның энергиядан бөлек ядролық медицина сияқты өзінің қосымша пайдасы бар. Ең бастысы, бұл жерде технологиялық тұрғыдан дамуымыз маңызды болып тұр. Сол кезде біз мықты ел боламыз.Жақында Жапонияда болып қайттым. Фукусимадағы жарылыстан кейін бұл ел де АЭС-тардың жұ- мысын тоқтатқан еді. Енді көмірсутекке тәуелді болмау үшін ермоядролық реакторлар саламыз деп ғылыми-зерттеулерді қайтадан күшейтіп жатыр. Егер қарап отырсақ, бізде АЭС мәселесі әр 2-3 жылда бір көтеріліп отырады. Онда алымдардың көп көрінбейтін себебі, олар ешқашан айқайлап шықпайды. Ал, оны көбінесе сайлау кезінде ұпай жинау үшін саясатқа қатысы бар адамдар қозғайды. АЭС деген кезде әр елдің өз технологиясы барын ұмытпау керек. Ресейдің ұсынысына келетін болсақ, шындап келгенде, ядролық технология жағынан орыстар ең алдыңғы қатарда тұр. Қазір біздің бірқатар мамандар олардың ядролық орталықтарына барып жұмыс жасап жүр. Онда бәленбай қаржы өлеп еше түрлі эксперименттерге қатысып жатыр. Кейбір жобаларға олар бізді мемлекеттік құпия деп кіргізбейді. Бұл түсінікті жәйт. Егер ол өз елімізде болса, біздің ғалымдар да ғылым мен технологияның дамуына өз үлесін қосар еді. Жалпы, ядролық физика ғылымы біздің лімізде де жеткілікті деңгейде дамыған. Тек ақшаның аздығынан қазір ол Кеңес Одағы кезіндегі деңгейден сәл төмендеу болып көрінуі мүмкін.

Сауалнаманы әзірлеген Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Комментарий