Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1275-ке жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам індетті жұқтырып алған.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуірдің 12:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 294 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында – 81 адам, Ақмола облысында – 80 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 126 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1275 науқас тіркелді.

Комментарий