Құқық | Право

Коронавируспен ауырғандарға тіл тигізгендер жауапқа тартылады

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар мен карантинде жатқандардың ар-намысына тигендер жауапқа тартылады, деп хабарлайды Өзбекстан министрлер кабинеті жедел штабы.

Коронавирустан емделген және карантинде жатқан адамның ар-намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлағаны және бұл санаттағы адамдардың жеке өмірі жайлы мәлімет таратқаны үшін 9 миллион сом (930 доллар) айыппұл салынады.

Бұл әрекетті тағы да қайталаған жағдайда 22,3 миллион сум (2330 доллар) айыпұл салынады немесе 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі, я болмаса 2 жыл түзеу жұмыстарына салынады.

Егер жеке басына байланысты мұндай ақпараттар заңсыз жарияланып, оның салдары ауыр болса құқық бұзушыға 44,6 млн сум (4660 доллар) айыппұл салынады немесе 360 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі, я болмаса 3 жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе айырылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, Өзбекстанда барлығы 998 адам коронавирус жұқтырған, 66 адам жазылып шыққан. Қазір олар емнен кейінгі сауықтыру курсынан өтіп жатыр.

Комментарий