Судья мінбері | Судебная система

Жастар білімі жарқын болашаққа жол ашады

Елбасы жастарға арнаған сөзінде “Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман” деген болатын. Жастар білімін жоғары деңгейде шыңдалуы еліміздің жоғары оқу орындарына тікелей қатысты екені де ақиқат. Бұл тұрғыдан алғанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алар орны бөлек. Себебі, ол – еліміздегі ең ірі жетекші оқу орындардың бірі.

Аталған жоғары оқу орны тек Қазақстанға емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танымал. Олай дейтініміз, ҚазҰУ білім беру жағынан халықаралық рейтингілерде қарқынды алға жылжуда. «Times Higher Education» британдық агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша бұл университет Орталық Азияда алғаш болып әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тобына кірді. Яғни, университет әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде табысты дамуда. Осы оқу орнындағы халықаралық қатынастар факультеті еліміздің білімді де, білікті мамандарын 24 жылдан бері дайындауда. Осы уақыт ішінде факультетте көптеген жоғары мамандандырылған мамандар білім алып, өздерін мемлекеттік қызметтер мен жеке бизнесте көрсете білді. Халықаралық қатынастар факультетінің түлектері бүгінде республикамыздың әр саласында жемісті еңбек етуде. Аталған факультеттің халықаралық құқық кафедрасының деканы, профессор С.Ж.Айдарбаевтың сөзімен айтсақ, қазіргі күні халықаралық қатынастар факультеті жоғары мамандандырылған халықаралық-мамандарды дайындауға еркше үлес қосуда. Бүгінде ол ғылым мен білім берудің ірі орталығына айналды. Факультет тарихына көз салсақ, 1995 жылы онда 252 студент білім алса, қазіргі таңда мыңға жуық жас білім алуда. Бұл оқу орнында жаңа білім беру технологиясы кеңінен әрі жан-жақты пайадаланылады. Айрықша атарлығы, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық пен әлемдік экономика бойынша кадрлерді дайындауда көшбасшы болып саналады.

Аталған факультеттің оқытушылары шығармашылыққа барынша ден қойған, ғылыми ізденістерінің нәтижесінде білім беру бағдарламаларын жазды. Ғылыми басылымдарға монография, кітаптар, ғылыми мақалалар жарияланып, арнайы оқулықтар шығарылуда. Бұлардың ішінде халықаралық қатынастар, халықаралық құқық пен әлемдік экономикадағы және ұлттық құқықтағы актуалды сұрақтар мен проблемалар қамтылған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚФ-нің профессорлық-мұғалімдік құрамы еліміздің ғылым саласына айтарлықтай жандандыруда. Олардың, яғни, профессорлық-мұғалімдік құрамның ғылыми, педагогикалық, әлеуметтік позициясы тек республикамызға емес, сонымен қатар, шетелдерге де танылған.

Тағы бір айта кетерлігі, әл-Фараби атындағы университтің осы факультет ұжымы жұмыс істеу барысында алыс және жақын шет елдермен партнерлік байланыстарын жақсартты. Факультетте екі дипломдық білім мен оның негізгі қызмет бағыттары бойынша тәжірибе бағдарламалары жасалған. Білім беру сапасы жоғары екендігінің жарқын көрінісі түлектеріміз қазіргі таңда атқарушы билік органдарында, атап айтқанда, Парламент, Үкімет, ҚР Сыртқы істер министрлігінің аппаратында, елшіліктерде, халықаралық

ұйымдарда абройымен еңбек етіп, факультет беделін биіктетуде. С.Ж.Айдарбаев айтқандай, бүгінде біздің жоғары білім беру деңгейіміз бен бай ғылыми-зерттеу дәстүріміз жарқын болашаққа нық қарауға жол ашуда.

Эльмира Абдрахманова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

аға оқытушысы,

заң ғылымының кандидаты.

Комментарий