Құқық | Право

Әлібиге әділдік керек

«Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!»,
-деп ұлы ойшыл Қожа Ахмет Йассауи айтқандай, әділдіктің құны бір тиын болған, бұл не деген заман болып барады, достар?
Әліби Өтепберген- елім деп еміреніп, жас болса да, талантымен талайды таң қалдырған әнші. Бүгінде ғаламторға есімін тере қалсаң Әлібидің бірнеше әндері жайнап шыға келеді. Ендігі ән жазып, тәлімгер болып, адал жолмен ақ нанын тауып жүрген Әлібидің ертеңіне қара бұлт үйірілді.

Оқиға мынадан басталғантын: 2019 жылдың шілде айында елордалық студент Әліби үйіне, Ақтөбеге қайтады. Жаздың жайсаң күнін бекерге өткізбейін деген жалынды жас «Ақбөбек-Восток» балалар лагерьіне жетекші болып жұмысқа орналасады. Жетінші отрядтың жетекшісі болып жұмысқа кіріскен Әліби, шілденің 25-інде балалардың тәртібіне көңілі толмай, оларға би кешіне баруға тыйым салады. Сол сәтте ағайларының бұл ісіне кек алмақ ниетте балалар ата-аналарына хабарласып, «бізді бөлмеге қамап қойды», «күнде ұрып, соғады», ал қыздары «бізге зорлық көрсетеді», «тіпті, душқа бізбен бірге түседі», деп жалған ақпарат айтады. Бұл сөздерді естіген жеті баланың ата-анасы дереу жетіп, Әлібидің үстінен арызданады. Қарапайым адами логикамен ойлар болсақ, ұялы телефон балалардың өзінде болса, дәл сондай оқиға орын алған жағдайдың өзінде, балалар оны бірінші күні-ақ жайып салар еді. Айтылғанның бәрі де,балалардың фантазиясы екені осыдан-ақ тайға таңба басқандай белгілі еді. Ата-аналардың кейбірі арыздарын қайтып алғанмен,бұл іс құқық қорғау органдарына жеткен еді. Ал сот ісі, бір жақты ғана қаралған. Ол тек балалардың сөзімен және ата-аналардың арызымен ғана шектелді,тіпті лагерьдегі бейнежазбалар да қаралған, сонда да, ешбір айғақ жоқ. Кейіннен 9 ай бойы тергеу изоляторында қамауда болып, 2020 жылдың 25 наурызында жабық сот өткен еді. Іс барысында Әлібиді ҚР қылмыстық кодексінің 124-бабының,3-тармағы бойынша айыпты деп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

2015 жылы аяулы анасынан айырылған Әлібидің, ендігі еркіндіктен айырылмауына жол бермеу үшін бүгінде инстаграм желісінде жақындары мен достары жан айқайларын айтуда.
Нақты дәлел мен дәйексіз, нақақтан-нақақ айыпталған бауырымыздың, болашағына балта шабуына жол бермеуіміз қажет. Ұлтымыз сан ғасыр бойы әділдіктің ақ туын бірінші орынға қойған еді. «Әділ биі болмаса – бірлігі кеткен ел ғаріп»-деген дархан бабамыздың сөзін жалғамақпыз. Біздегі бар тілек, әділ шешімнің орын алуы. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады? Не де болса, сот ісі қайта қаралып, ақиқат жеңіп шықса екен.

Дина ЛИТПИН

Комментарий (1)

  1. Ихсанова Гүлнара

    Әліби Өтепберген бостандық берілсін

Комментарий