Қоғам | Общество

Оны айтпаймын – Елбасымен жасырын кездескен телепаттың сұхбаты

Болашақты жиі болжай алмаймын. Кейде ғана. Ойын нәтижелерін дәл табамын.

“Алматы мен Астанада бірнеше рет болдым. Елбасымен кездескенім рас, және бір емес бірнеше кездесу болды. Не үшін екенін айта алмаймын, бұл құпия кездесулер еді”, дейді Израильдік әйгілі телепат, менталист Лиор Сушард Ләйля Сұлтанқызының The Эфир бағдарламасында берген сұхбатында.

Сізді көрген адам бірден менің ойымды оқып беріңізші деп мазалай ма?

Жиі сұрайды. Жыныма тимейді, бірақ біртүрлі сұрақтар қойып жатады. Мысалы, қандай нөмірлі лотерея жеңеді дегендей. Мен лотереялық нөмірдің қайсысы түсетінін білмеймін, мен тек адамдардың ойындағысын оқимын, компьютерден шығатын нөмірлерді емес. Адамдарға осыны түсіндіруге тырысамын. Мен маг, экстрасенс емеспін. Мен менталистпін. Адамдардың ойлау негізін білемін. Мен мұны Құдайдың берген сыйы, туа біткен және жылдар бойы өзімде қалыптасқан қабілеттердің қосындысы деп айтар едім. Өзіммен жұмыс істеймін, өзімді жаттықтырамын. Мен қолданатын техникалардың барлығы – өзім шығарған концепциялар.

Болашақты болжай аласыз ба?

Болашақты жиі болжай алмаймын. Кейде ғана. Ойын нәтижесін, Мәскеу баскетбол командасының, Австралиядағы крикет ойындарының нәтижесін болжадым. Бірақ жиі жасай бермеймін.

Комментарий