Құқық | Право

Полицейлер карантин кезіндегі алаяқтықтың жаңа түрлерін атады

Осылайша, алаяқтар делдал ретінде әрекеттерін жасап келген және олар жайында жүргізуші де, жүк иесі де білмейді.

Карантин кезеңінде елорда полициясына жүк тасымалы саласындағы алаяқтық фактілері бойынша шағымдар түсе бастады. Алаяқтар әрекетінің алгоритмін сипаттай келе, барлық оқиғада алдау тәсілі бірдей екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаскүнемдер жүк тасымалының танымал сайттарында қала арасындағы тасымалдар туралы хабарландыруларды іздеген. Кейіннен жүк көлігінің жүргізушісі ретінде жүктің иесіне телефон шалып, нарық бағасынан төмен тарифті белгілейді. Сонымен қатар, алаяқтар жүктің иесі ретінде нақты жүргізушіні тауып, жүк тасымалы туралы уағдаласып отырған. Осыдан кейін жүргізушінің құжаттарын алып, оны жүктің иесіне жолдайлы. Өз кезегінде жүктің иесі шарттың дұрыстығына көз жеткізіп, жүкті жөнелтетін орынға құжаттарды бағыттайды, сондай-ақ өздерін жүргізуші ретінде таныстырған алаяқтарға қызметі үшін алдын ала ақысын төлейді», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Осылайша, алаяқтар делдал ретінде әрекеттерін жасап келген және олар жайында жүргізуші де, жүк иесі де білмейді.

«Бұдан кейін олар жүкті жеткізу орнын сұрап, осы мәліметтерді жүргізушіге қайта жолдайды. Жүргізуші тиісті құжаттар мен жүкті алып, жеткізу орнына жолға шығады. Мұнымен қоса, алаяқтар интернет сайттар арқылы жүкті сатып алушыларды тауып, оны төмен бағамен өткізеді. Бұл жағдайда жүктің нақты иесі өзіне тиесіле заттардың сатылып кеткенін белмей қалады», – делінген хабарламада.

Барлық келісімдерді алаяқтар «What`s up» мессенджері арқылы жүргізіп, ақша аударымдарын «Qiwi» әмияны арқылы іске асырған. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді анықтау бойынша шарларды жүргізіп жатыр.

Комментарий