Қоғам | Общество

Павлодар қаласында жедел жәрдем фельдшері коронавирус жұқтырды

Павлодарда жедел жәрдем фельдшері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда коронавирус инфекцияcsның төртінші жағдайы анықталды.

“Коронавирус Павлодар қаласында 1996 жылы туған тұрғында анықталды, ол 9 сәуірде вирустан қайтыс болған зейнеткермен байланыста болған. Жас жігіт облыс орталығында жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істейді. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ, температурасы қалыпты”, –  бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және аймақтық бақылау департаментінде хабарлады.

Сондай-ақ, департамент вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 88 адамды анықтаған, олардың барлығы оқшауланғанын атап өтті.

Комментарий