12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЕЛБАСЫ ЕЛМЕН БІРГЕ!

Отыз жылға жуық ел басқарып, халықтың ортасында болғандықтан шығар тұңғыш президентті іздейтін жұрт көп. Жаңа президент тағайындалып, жағымды жұмыстар жасап жатса да, баяғы дағдымен Елбасының сөзін
күтіп, елегізуден арылмай жүрміз. Осы жолы да сол әдеттен жаңылмадық. «Неге Елбасы көрінбей қалды? Осындай сын сағатта неге лебізін білдірмейді?» деген сауалдар жиілеген соң тұңғыш президенттің баспасөз қызметі амалсыздан түсінік беріп, халық алдына шығуға да мәжбүр болған. Енді міне көпшілікті көп күттірмей Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласы арқылы қалыптасқан жағдайға байланысты пікірін, қолдау сөзін ортаға тастады.
«Жаһан жұртшылығын әбігерге салған пандемия бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнайдың бағасы құлдырады. Ел мен ел арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тыйылды. Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліп соқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отыр» деген Елбасы кешегі мен бүгінгі жағдайды безбенге салып, елдегі ахуалға барынша сарабдал сараптама жасаған. Әлемді әбігерге салған індеттің салдары бізге де оңайға түспесі анық. Мықтылығын мойындатқан АҚШ-пен батыс Еуропаның өзін шарасыз халге түсірген жұқпалы дерттің Қазақстанға да кері әсері тимеуі мүмкін емес.
Басқаны айтпағанда жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс, түрлі шектеулерден еңсенің езіліп, ертеңге деген үміттің әлсірегені рас. Талай нәубетті басынан кешіріп, талай қиындықпен бетпе-бет келген төзімді халықтың
бұл сынақтан да өтері даусыз. Бірақ, сынақ мейлінше шығынсыз, залалсыз болса, қанеки.
Өкініштісі, дағдарыс, қаржылық қиындықтар туралы айтқанда көпшілік «мұнайдың үстінде отырмыз, осыншама қазба байлықпен тығырықтан шықпау мүмкін бе?» дегенді алға тартады. Сауал орынды. Билікке
айтылған базынаны да теріс дей алмаймыз. Жер-ана берген қазынаны халықтың тең көруі міндет. Алайда
осы бір міндет деген сөздің ауқымы соңғы жылдары кеңейе түскен. Бұл масылдық психологияның дендеуіне,
тірлік істемей айналасына алақан жаюшылардың көбеюіне ұласқанын мойындауымыз керек. Елбасы өз мақаласында атап өткендей, тек табиғи байлыққа арқа сүйеген елдің адымы қысқа. Біз әлі соны түсіне алмай келеміз. Мүмкіндік берілсе бардың игілігін бүгін көргіміз, қаптың түбін бүгін төңкере салғымыз келіп тұрады. Ал, ұрпаққа не қалады? «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» дейтін елде бұлай қысқа, тым қортық ойлау қате. Мұны Елбасы да ерекше атап, табиғи байлықтың күні ертең таусылатынын, білім, идеяның өміршең екенін алға тартқан. Бұл бағытта да атқарылған жұмыстар көп. Ауызды қу шөппен сүртсек жарамас. Коронавирусқа орай дүрбелең туындамай, қалыпты тірліктің сақталуына да осы жылдар ішінде жүзеге асырылған реформалардың, сауатты бағдарламалардың әсері болғаны анық.
Коронавирус талай елді тығырыққа тіреп отыр. Қазақстан бұл сынақта неге сенеді, кімге сүйенеді? Елбасы айтып өткендей, біз алдымен елдің бірлігіне, ынтымағына арқа сүйейміз. «Біз біргеміз!» – елдің басты ұстанымы. Екіншіден, біз тәртіпке бас иген мемлекетпіз. Коронавирус та «тәртіпті сүйетінін» байқатты. Үшіншіден, біздің медицина басқалардан бір мысқал да кем емес. Осы күнге дейін «Болашақ»
бағдарламасымен шетелде оқып келген білікті мамандар отандық медицинаның көшін түзейтінінен үміттіміз.
Дана халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Орынды айтылған сөз – орнына қағылған шеге сияқты» дейді.
Елбасының бұл мақаласы жақсы сөзбен халықты демеу, беймаза тұста көңілге медеу болуды мақсат еткені байқалады. «Бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар.  Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ. Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар жағдайды өз мүддесіне пайдалануға тырысады. Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам
айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал» деуі осы сәтте тауып айтылған жанашыр сөз.
Нұрлан ШЫНТАЕВ

[ratings]

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.